Меню KDT

Новости

«Халық достығы тіл достығы»

Тақырыбы: «Халық достығы тіл достығы»

Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары, баспасөз материалдары

Түрі: дөңгелек үстел

Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығын ең негізгі ұйытқы болған - оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)

Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (Әбіш Кекілбаев)

Қазақ тілі - қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)

Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін Ұлы (Ш. Айтматов)

Кіріспе сөз: Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дүбірлетсін өңірді,

Дүрілдетсін дүлдүлі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын, бұл күні.

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.

«Адамға екі нәрсе тірек тегі,

Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.

Қуан далам, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.

Тіл туралы заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,

«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.

Ел елдігі сыналады тілімен

Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп

 

отырған "Қазақ тілін білу - Қазақстандық патриотизмнің белгісі"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

 Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.

Бүгінгі жас ұрпақ - мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақытқа жетер даңғыл жолы - туған Отанын, туған тілін сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.

Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:

  1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?

Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?

  1. Тілдің үш тұғырлығы
  2. Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуы керек?

Әр сұрақтан кейін оқушылардың жауаптары, пікірлері

тыңдалады.

Қорытынды сөз:

Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге, көкірегіңде болсын көз.

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Просмотров: 46

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки