Меню KDT

Новости

Қош бол, даярлығым!

Қош бол, даярлығым!

Тақырыбы: Қош бол, даярлығым!
Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  сыныбынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге   деген қызығушылықтарын оятып, Отанын,  елін, жерін, құрметтеуге   баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.
Әдісі:  Ертеңгілік.
Барысы:  І  Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ   Кіріспе  сөз.  (Музыка ойналып  тұрады. )
–  Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!    Бір жыл бойы мектепалды даярлық  сыныбында  тәрбиеленіп,  білім нәрімен  сусындап,  оң, солын танып,  білім жолына қадам басқалы отырған бүлдіршіндеріміздің даярлық сыныппен  қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер.   Бүлдіршіндерімізге сәт-сапар тілей отырып, «Қош бол,даярлығым!»  атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
Өтті  қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар  мектепке,
Бір белестен өттіңдер.
Олай болса, даярлық сыныппен  қоштасқалы отырған бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Мұғалім:
Өсті міне  бойларың
Өсті ақыл-ойларың
Қуанышқа  ортақпын,
Құтты  болсын тойларың!
       ҚР Гимні айтылады
Айналайын, балалар,
Алда мектеп- ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерпаздар, даналар
1 оқушы: Аяжан
Нағыз білім ырыс  бақ,
Дүниені тұр ұстап,
Енді біздер сабаққа,
Кірісеміз  дұрыстап.
2 оқушы: Мерейлім
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып даярлық сыныппеннен
Біріншіге  барамыз.

3 оқушы:Асылым
Әліппеден әріп танып,
Алғаш рет оқимыз.
Тәрбиеден тәлім алып,
Санамызға тоқимыз

6 оқушы: Адия
Қуанбаймыз неге біз,
Күліп күн де тұр асқақ.
Оқығалы келгенбіз,
Біз бірінші сыныпқа.
7 оқушы:Айару
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз.
8 оқушы:Ақмарал
Қуан,  шаттан  алақай,
Қуанатын  күн бүгін.
Бұл қуаныш себебін,
Бізге қарап ұғарсың,
Ер жетті деп бөбегім,
Ата-анамыз қуансын.

(Есік қағылып ,  «Білім ханшайымы»кіреді.
– Сәлеметсіңдер ме,балалар! Қандай сұлу қыздар, қандай керемет мерекелік көңіл-күй! Мен Білім ханшайымы боламын. Сендердей сұлу қыздарды көргеніме қуаныштымын.  Мені сендерге  «Оқу патшалығынан»        балалардың   мектепке барардағы  білімдерін тексер,-  деп  жіберді. Менің қолымда бірнеше тапсырмалары  бар. Ол тапсырмалар мына тәтті бәліш пішіндес формалардың ішінде жасырылған. Сендер оны ашып сұрақты маған бересіздер. Ал мен сол сұрақтарды оқып сендерден жауап күтемін.  Осы  тапсырмаларды оқып,   орындауларыңды  талап  етемін.Мен  сендердің  берген  жауаптарыңа  қарап,  мектепке  даярлықтарыңды  тексеремін.
 І тапсырма
– Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан
– Сендердің  ауылдарыңның аты қалай  аталады? Қаратал
–  Мектептің   аты қалай аталады? «Қаратал негізгі мектеп»
– ҚР  рәміздерін  кімдер атап береді? Ту, елтаңба,әнұран
–    Неше  жыл мезгілі бар? 4. Қыс,көктем,жаз,күз
–    1 аптада неше күн бар? 7. Дүйсенбі,сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.
- Сиыр,ешкі, қой барлығы бір сөзбен қалай аталады?Үй жануарлары
Ж а р а й с ы ң д а р    б а л а л а р !
ІІ тапсырма
–         Дыбыстар нешеге  бөлінеді?
–         Дауысты дыбыстарды  қандай текшемен белгілейміз?
–         Дауыссыз    дыбыстарды ше?

  • Абай Құнанбаевтың бір тақпағын жатқа айтамыз?

III тапсырма


–         1-ден 10-ға дейін тура және кері санап беріңдер?
–         Суреттегі есептерді шығар!
–         Берілген фигураларды атаңдар?
–       Ойын: Сандарды ретімен орналастыр
3 2 7 5 6 4 9 10 8 1
Білім ханшайымы:

Талай қызық той өткіздік,  

Бірақ орны ерекше.
 Даярлықпен қоштасатын,
  Бүгінгі той ерекше.

Оқушылар мен сіздердің өнерлеріңізді тамашалағым келіп тұр.
  ӘН:  «Оқуда озат боламын!» әні
Білім ханшайымы: Ал,оқушылар сіздер өте ақылды ,білімді,өнерлі екенсіздер!Жарайсыңдар,осы өнерлерің мен білімдерің үшін менен сіздерге кішігірім мадақтау. Мен енді басқа да бірінші сыныпқа баратын оқушылардың білімін тексеруге барайын! Сіздерге ақ жол,болашақтағы қадамдарыңыз нық болуын тілеймін! Сәт сапар оқушылыр! Сау болыңыздар!

Мұғалім: Менде ата- аналарға арналған қызықты ойындар бар.

Ойын: «ия, жоқ» Ата- аналармен ойнау:
1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?
3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?
5. Сериал көріп жатасыз ба?
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?
9. Балаңыз үшін балаларды ұрасыз ба?
10. Бала үшін асулардан асасыз ба?
2-ойын:  Әр ата – ана өз баласының көзін сурет арқылы табу қажет.

                 Сахналық көрініс «Шалқан» орыс халық ертегісі

 ӘН : «Балдырған»  орындайтын хор

 

 ( Хормен барлық бала айтады.)

Ақмарал:

Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарқын шырағы.
Тұрағы өзің, мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.

 Аяжан:

Мектебім менің әдемі,
Класым керемет еді.
Мектебім анам секілді,
Маған білім береді!

Мерейлім:

Өмірге азық мол сыйың,
Құшағы құтты нұрлы ұям.
Мектебім менің - өз үйім,
Санама күнде нұр құйған.

Адия:

Мектебім - мәңгі бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз талай әлі біз.

Айару:

Мектеп деген білім кені

Мектеп деген ғылымның ең  үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені

Асылым:

Алғаш кірген сыныбым

Даярлықтан басталған

Қолға қалам аламын

Әріптерді жаттатқан

Жан – жағына жылу берген

Білімменнен сусындатқан

Қымбат мұғалім мейрімді

Сізге алғысымызды айтамыз!

Мұғалім: Еткен еңбек жемісі,
Сүйікті балғын бала шақ.
Сендердікі болашақ.
Озат болып оқыңдар,
Ойға білім тоқыңдар

Құрметті менің түлектерім!
Әрқайсысың өзгешесің, дарасың
Бүгінен бастап алыстап менен барасың.
Білім деген теңіздің шығып бетіне
Өріне жүзіп, тұнығына қанасың!
Еркелікті бәрінде енді қоясың,
Білімнің шәрбәт сусынына тоясың
Білімнің кілтін талмастан іздеп талпынсаң,
Өмірде мынау толық адам боласың - дей келе сөз кезегін мектеп директоры Л.К.Бекжигитоваға беремін Балаларға  алғыс хат тапсыру./Ата - аналарды құттықтау/
Ата - аналарға сөз кезегін беру.

Мұғалім:
–  Құрметті осы мерекеге жиналған ата-аналар! Бала біздің болашшағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын  ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу   мына отырған сіздер мен біздердің   міндетіміз.
Міне, бүгін біздер осы  бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата –аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 33

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки