Меню KDT

Новости

« Тіл- халық мұрасы» интеллектуалды ойыны

Тақырыбы: « Тіл- халық мұрасы» интеллектуалды ойыны

 

Мақсаты: - Оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тексеру, сынау;

-                                 тілдерін дамыту;

- Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету

- Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

- Патриоттық  сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

 

Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, тіл туралы мақал-мәтелдер, үнтаспа, үлестірме материалдар, тақта.

Сабақтың түрі: сайыс.

 

І.Ұйымдастыру кезеңі. Әр сыныпты өз топтарымен сәйкес орналастырып, қолайлы жағдай туғызу.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

Жанын сап, халқын сүйіп, баққан тілім,

Жалықпай құпиялар ашқан тілім.

Жаһанның төрт бұрышы түгел танып,

Жат жұрттан да достарын тапқан тілім.

 

Бұл жанды тіл – менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,

Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім!

     Армысыңдар, білім нәрінен сусындаған құрметті оқушылар! Бір жұмадан бері  біздің мектебімізде еліміздің мемлекеттік тілі «Қазақ тілі» апталығы басталып, баршамызды ерекше күйге бөлегені анық. Ол күй – мемлекетіміздің тіліне, мемлекттігіне, халқымыздың салт-санасына, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілік, мақтан тұту сезімі.  Ендеше, сол сезімді бүгінгі сәтте ойын-сайыспен ұштастыруға мүмкіндік туып отыр. «Игі істің басы – тіл, тәрбие басы – тіл» қазақ тілі апталығы  5-9 сыныптар арасында «Тіл- халық мұрасы» атты сайыс өткізумен жалғастырмақшы.

Қазақстан халықтарының тілдер күні, елімізді мекендейтін барша халық тілдерінің мерекесі. Жалпы тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік сыры бар.

Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы -тіл» деп ұлғатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры –тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен бірге ұлықтанатыны зор мәртебе.

Ендеше,алдымен Қазақ тіл білімінің діңгегі, «Ұлтымыздың ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсынов жайлы сыр шертіп өтейік.

 Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы

5 қыркүйекте дүниеге келген.

  • А.Байтұрсынов аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі..... Ол- қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті Теориясының негізін қалаушы.
  • Ахмет Байтұрсынов ең алдымен қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясына реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан тазартумен,ең соңында проза, публицистика,қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтығ жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастады.
  • Қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, білім алуына көп күш жұмсады. Оқу құралы, « Тіл құралы», Әліп-би, Жаңа әліп –би оқулықтарын ,Баяншы әдістемелік нұсқауын «Тіл жұмсар»

«Әліппе-астар», әліппеге методикалық нұсқау, «Әдебиет танытқыш» сияқты көптеген ғылыми мақалалар жазды.

 

  • «Тіл- адамның адамдық белгісінің зоры,жұмсайтын қаруының бірі.Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,жаза алмайтын күйге ұшыраса,ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз- азу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман»-дейді.
  • А.Байтұрсынов жинап, реттеп,сұрыптап,бастырған фольклорлық мұралары: Ер сайын жыры, 23 Жоқтау. Ғылыми тұжырымы «Қазақтың бас ақыны»

ЖҮРГІЗУШІ:А.Байтұрсынов жайлы біраз сыр шерттік ,енді сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайыс басталмас бұрын бүгінгі сайысқа баға берер, қызығы мен шыжығын салмақтар әділқазылар алқасымен танысып алайық!

Алдын ала хабарланғандай, бүгінгі сайыстың бірініші кезеңінде әр сыныптан құралған командалар алдын ала дайындалған сөздерді таңдап алып, оны тілсіз түсіндіру қажет. Түсіндіру барысында команда капитаны немесе оның мүшесі сөйлемей, тек қана ымды, қолмен көрсетуді немесе түсіндіруді  пайдалануы қажет. Бұл сайысқа ешқандай уақыт берілмейді. Команда мүшесі сөзді алған сәттен бастап, сол сөзді түсіндіруі қажет. Олай болса, іске сәт, сайыс қырандары!

 

СӨЗДЕР:

1 Жолбарыс

2 Жер ғаламшары

3 Маймыл

4 Парта

ЖҮРГІЗУШІ: Ал енді келесі кезең: «Жұмбақ жасыру»

Қызыл түлкі ықпайды,

Өз інінен шықпайды

(тіл)

 

Сүйексіз  ғып жаратқан,

 Жұртты аузына қаратқан.

                                                           (Тіл)

Өңшең тістің арасында

            Бір патша.

                                                           (Тіл)

Сүйектен қаланған қорғанда

Сүйексіз күзетші тұрады.

                                                           (Тіс және тіл)

О жағы мәрмәр,

Бұл жағы  мәрмәр.

Ортасында,

Сандуғаш сарнар.

                                                           (Тістер және тіл)

 

Сырлы сандықта бір сылым ет.

                                                           (Тіл)

Жағалай-жағалай тас қойдым,

Жирен атты бос қойдым.

                                                                                   (Тіс, тіл)

 

Отыз екісі диірмен тартып,

Бір қапқа салады.

                                                                                   (Тіс және тіл)

Екі әскер соғысып жатыр,

Ортасында бір елші.

                                                                                   (Тіс пен тіл)

 

Әрі сүйексіз,

Әрі тиексіз.

                                                                                              (Тіл)

Ақ тоғайдың ішінде

Кісінейді күрең тай.

                                                                                              (Тіл)

 

ЖҮРГІЗУШІ:

    Құрметті қазылар алқасы! «Тілсіз түсінісу» сайысының нәтижесін берсеңіздер екен!

3-кезең. «Сөз баспалдағы» орыс тілінде сөздердің жазып сөз баспалдағын толтыру.

ЖҮРГІЗУШІ:

    Сіздердің алдарыңызда (сөз баспалдағын әр ойыншыға үлестіреді) сөз баспалдағы бар, сол баспалдақ қазақ әліпбиінің алғашқы әріпінен басталады, қалғандарын аудармаларымен толтыру керексіздер.

  1. Первая буква казахского алфавита      1. *
  2. Лошадь                                                   2. **
  3. Дедушка                                                 3. ***
  4. Яблоко                                                    4. ****
  5. Небо                                                        5. *****
  6. Груша                                                     6. ******

7.Желудок                                                  7. *******

  1. Больница                                                8.********

9.Казахская нац-я игра «Скинь меня»    9.**********

ЖҮРГІЗУШІ:Ал енді 4-ші кезеңге де келіп жеттік. Ол кезең «Қызықты сұрақтар» деп аталады.

СҰРАҚТАР:

  1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
  3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
  4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
  5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
  7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
  8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
  9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).
  10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).
  11. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
  12. Абайдың туған жылы? (1845).
  13. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
  14. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  15. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
  16. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
  17. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
  18. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
  19. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

 

5-кезең. «Бұл кім?» - берілген мәтіннен кім екенін табу.

1-жүргізуші: Сіздерге көмек ретінде сөйлемдер оқылады, сіздер оларға сүйенңп мен кім туралы айтып жатқанымды табуыңызға тиістісіздер. Егер жауабын 1-ші сөйлемнен кейін тапсаңыз, 5 ұпай, 2-ші сөйлемнен ке»ін – 4 ұпай, 3-ші сөйлемнен кейін – 3 ұпай, 4-ші сөйлемнен кейін – 2 ұпай, ал 5-ші сөйлемнен кейін – 1 ұпай аласыз. Ал, сәт-сапар!

 

1-ші мәтін: Оның әкесі ерте қайтты. Болғожа бидің қамқорлығына болған. «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқыту құрал» кітаптың авторы. Қазақ балалары үшін, мектептерді ашып, жаңа мектептерді салдырды. 1941 жылы Торғай облысында туылған ағартушы-педагог.

                                                                                               (Ы.Алтынсарин)

 

2-ші мәтін: Ол «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірген. Жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Он екі жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түскен. Қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы, зерттеуші.

                                                                                         (Ш.Уәлиханұлы)

 

3-ші мәтін: Ол орыс мектебінде үш  жыл оқып, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын оқып шықты. Шыңғыстау өңіріндегі тобықты руынан шыққан. Балалық кезінде Зере әжесі мен Ұлжан анасының әңгімелерін ұнатқан. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы,аудармашы, философ.

                                                                                            (А.Құнанбаев)

 

4-ші мәтін:  Қостанай өңірінде туылған. Қостанайда осы кісінің атында филормония бар. Қазақтың тұңғыш филімінде басты рөлді ойнаған. «Амангелді» рөлін ойнаған актер және әртіс.

                                                                                                    (Е.Өмірзақов)

 

5-ші мәтін: Ол қабандарға (доңыздарға) қарсы ұмтылған. 1691-1769 жылы өмір сүрген.

       Шын аты – Ерасыл. Әйгілі батыр, қолбасшы.

Бүгінгі сайысымыздың келесі кезеңін бастаймыз. Бұл сайыстың шарты бойынша берілген түрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашу. Әр командадан бір адам келіп менің көмекшімнің қолындағы конверттер ішінен тұрақты сөз тіркестерді таңдап алады. Сол тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ашып, бүтіндей бір сөйлемнің ішінде орынды қолданып берсе, ол командаға бір ұпайдан қосылады.

1.Айды аспанға бір шығарды – аты шықты, таң қалдырды

2.Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес

3.Жаны сіреден жаралған екен – мықты

4.Екі езуі екі құлағына жету – қуану

5.Көзді ашып-жұмғанша – тез

       6.Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр

7.Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы

       8.Көзге түртсе көргісіз – қараңғы

9.Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау

10.Ойы онға, санасы санға бөліну – не істерін білмеу

11.Сөздің майын тамызу - әдемі сөйлеу

12.Тепсе темір үзеді – мықты

 

ЖҮРГІЗУШІ:

Ал, құрметті оқушылар, енді “Жалғасын тап” атты келесі кезеңге өтейік.

Ойынның шарты бойынша «Сөздің көркі - мақал» демекші, мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.

  1. Тіл - адам ойының ... (айнасы)
  2. Аңдамай сөйлеген ... (ауырмай өледі)
  3. Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
  4. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
  5. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
  6. Бал тамған тілден ... тамар (у)
  7. Көп сөз - ... (бос сөз)
  8. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
  9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде ... боласың. (мылжың)
  10. Таза сөйлеу – биік ... (мәдениеттілік)
  11. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады).
  12. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең).
  13. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады).
  14. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді).
  15. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ).
  16. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  17. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ).
  18. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар).
  19. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ).
  20. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең).
  21. Бал тамған тілден ... (у тамған).
  22. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар).
  23. Жақсы сөз ... (жарым ырыс).
  24. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер).
  25. Тіл қылыштан ... (өткір).
  26. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді).
  27. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді).
  28. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың).
  29. Тілден артық ... (қазына жоқ).
  30. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

ЖҮРГІЗУШІ:

Ортаға қатысушылардың арасынан 5 бала шықсын. Олар жеребе тарту арқылы өз сұрақтарын таңдап алады. Мектеп ғимараты ішінде ілінген нақыл сөздерден

1 «Үш алысты» тауып атап бер: жер мен көк, кәрі мен жас, жақсы мен жаман.

2 «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам сияқты» деген сөз кімнің сөзі? Ғабиден Мұстафин

3 Ынтымақсыз елді кім билейді, Ынтымақты елді кім билейді? (ұрысы, дұрысы)

4 О. Бальзак сөз өнерің туралы не айтты? (Сөз өнері - өнер атаулының ең қиыны мен күрделісі)

5 Пифагордың тіл туралы айтқан ойы (Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын білгің келсе, алдымен оның тілін үйрен)

 

ЖҮРГІЗУШІ:

Бұл сайыстың қатысушылары жауаптарын тауып келгенше, осындағы көрермен қауым мына сұрақтарға жауап беруін сұраймыз.

 

  1. Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

                        Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман,

                        Үш дегеніміз – үш бұтаққа бөлінген ағайын жаман,

                        Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман,

                        Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман,

                        Алты дегеніміз – асқынып кеткен дерт жаман,

                        Жеті дегеніміз – жесір қалған жас жаман,

                        Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы,

                        Тоғыз дегеніміз -  торқалы той, топырақты

                        өлімге бас көрсетпесе, сол жаман,

                        Он дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа

                        болмас деген сөзіңіз, – деген сөзді қай би айтты? (Әйтеке би)

 

 

  1. Жеті қазына дегеніміз не?
  2. Сұлу әйел
  3. Ер жігіт
  4. Қыран бүркіт
  5. Берен мылтық
  6. Жүйрік ат
  7. Құмай тазы
  8. Ақыл, білім

 

  1. Жеті жетімді ата.

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу, қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ел жетім,

Замандасы қалмаса,

Бәрінен де сол жетім.

 

ЖҮРГІЗУШІ:

Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

 Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

 Ана тілім, туған тілім, бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

 Қорытынды: «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей, жүлдегелерді құттықтап, барлық қатысушыларымызға және де қонақтарға тілейтініміз: алдағы өмірлеріңіз сәтті болсын, өнерлерің, білімдерің көбейіп, биіктен көріне біліңдер!

      Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Осындай тілімізді таза ұстайық!

     Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.

    «Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады» - дейді Г.Гегель.

   Жақсы  сөзді жанына азық етіп, қазақ халқы жүйелі сөзге тоқтап, орнын тапқан екі ауыз сөзді ер құнымен тең көрді. Тіл өнерін қадірлеп, құрметтеді. Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!

   Осымен, сайысымыз аяқталды, келгендеріңізге көп рахмет, келесі де кездескенше, сау-саламат болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Просмотров: 40

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда20
  • Осы аптада10
  • Кеше2
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки